Мобильді аударымдарға қатысты пікірталас әлі жалғасып жатыр.
Үкімет 3 мың теңгеден аспайтын мобильді аударымдарды тексермеу туралы депутаттардың ұсынысын қолдамады. Мұны Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттық сауалға жауап беру кезінде жеткізді. Бұған дейін Азат Перуашев аз мөлшердегі ақша аударымдарын бақылауға алса, бизнес пен халыққа қолайсыз болатынын, төлемнің шекті мөлшерін азайту керектігін айтқан. Алайда вице-премьер бөлшек саудадағы тауар құны бұдан да төмен болатынын алға тартып, ұсынысты қарастырмайтынын кесіп айтты. Ал 3 ай қатарынан 1 млн теңгеден аса ақша аударымдары түскен азаматтың табысы тексерілуі мүмкін. Бұл жоба қазір Ұлттық банкте қаралып жатыр.
Айя Мүтәлі
