Тегін қызмет көрсететін адвокаттар жалақысын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегін қызмет көрсететін адвокаттар жалақысын ала алмай жүр

09.02.2025

Жеке адвокат жалдай алмайтын азаматтарға мемлекет тегін адвокаттық қызмет ұсынады. Бұл адамдарға конституция беретін құқық. Алайда тегін адвокаттық қызметке байланысты мәселе көп.

Ондай қызмет көрсететін адвокаттарға жалақы айлап төленбейтін кездер болады екен. Кей аймақта мемлекеттік кепіл берілген қызмет көрсететін адвокаттар былтырғы шілдеден бері жалақы алмаған. Мұндай жағдайда қандай сапалы қызмет туралы айтуға болады?

Мемлекет судьялар мен прокурорлардың айлығын кешіктірмейді, ал адвокаттарға келгенде белден басатын болып тұр ғой. Сонда адамның құқы қорғалуына «жағдай жасау» көз үшін деген сөз.

Түптеп келгенде мемлекет ұсынатын адвокатқа сүйенетін қарапайым азаматтар қиналады. Нәтижесінде қарызданып адвокат жалдауға мәжбүр. «Бар ма? Бар». Осындай «бар» деген аты ғана бар дүние өте көп.

Елдос Есенбол таразылайды.


Хабарламаларға жазылу