Қазақстан мен Қытай бірлесіп жасанды интеллект орталығын құрады
Қазақстан мен Қытай бірлесіп жасанды интеллект орталығын құрады. Бүгін Алматыда Ұлттық ғылым академиясы мен Қытай ғылым академиясы және Чжэцзян технологиялық университеті ресми түрде меморандумға қол қойды. Бұл орталық еліміздің цифрлық әлеуетін арттырады. Сонымен қатар, Қытай және Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық ғылыми ынтымақты нығайтуға септігін тигізеді, дейді сарапшылар. Зертхана негізінен табиғи апаттардың алдын алып, ерте ескерту жүйелерін әзірлеуге бағытталған.
Исмаил Тоқбергенов, ҚР ҰҒА бас ғалым хатшысы:
Жасанды интеллект орталығы көлік тасымалдау, энергетика сынды салаларды жылдам әрі жүйелі дамытуға мүмкіндік береді. Зертхананың негізі базасы Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясында орналасады. Болашақта жобаны дамытып, Орталық Азия елдерінде филиалдарын ашу жоспарланып отыр.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24
400 студент Венгрияда оқуға мүмкіндік алды
13.09.2025, 15:21