Жеке өмірге заңсыз қол сұққандар заң алдында жауап береді
Енді сталкинг жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, еліміздің қылмыстық кодексіне «сталкинг» ұғымын енгізу талқыланып жатыр. Яғни өзгелерді аңдып, мазасын алғандар заң алдында жауап береді. Депутаттың айтуынша, бірінші мәрте заң бұзғандарға айыппұл салынады. Егер әрекет қайталанса, жаза қатаңдатылмақ. Сталкингке ұшараған адам полицияға арыз беруі қажет. Жаңа норма осы құқық бұзушылыққа қатысты нақты жауапкершілікті бекітеді.
Абзал Құспан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бірден ауыр санаттағы қылмыс деп қабылдауға абай болу керек деп есептейміз. Өйткені жаңадан енгізіліп жатқан норма. Және ауыр, аса ауыр санаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында енгізіп жатырмыз. Кейін тергеу және сот тәжірибесін зерттеу барысында ауырлату мақсатында қайта қарастырылуы мүмкін.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08

Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30