Былтыр елімізде 12 мың шақырым жол жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Былтыр елімізде 12 мың шақырым жол жөнделді

Былтыр елімізде 12 мың шақырым жол жөнделді

Былтыр еліміз бойынша 12 мың шақырым жол жөнделді. Бұл - рекордтық көрсеткіш.

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 7 мың шақырым болатын «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Ақтөбе – Қандыағаш» және «Атырау – Астрахан» бағытындағы күре жолдың құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, жергілікті маңызы бар 3,6 мың шақырым жол күрделі жөндеуден өтті. Олар - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарындағы жол. Құрылыс кезінде 25 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Жөндеу жұмыстарына 200-ден астам мердігер компания қатысты. Осылайша, нормативті талапқа сай жолды үлесі 89 пайызға жетті.

Айя Мүтәлі

Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу