920 мың қазақстандық несие алудан ерікті түрде бас тартқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 920 мың қазақстандық несие алудан ерікті түрде бас тартқан

920 мың қазақстандық несие алудан ерікті түрде бас тартқан

Қымбатшылыққа қарамастан, несие алудан ерікті түрде бас тартатындар көбейіп келеді. Осы уақытқа дейін 920 мың азамат egov.kz порталы арқылы банктен немесе басқа да қаржы ұйымдарынан қарыз алуға өз-өзіне шектеу қойған. Ол үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дайындаған арнайы нұсқаулық бар.

Алдымен сайтқа кіріп, «Қызметтер» бөлімін таңдау қажет. Әрі қарай «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметіне өтесіз. Барлық пунктерді толтырған соң, ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Қызмет мобильді қосымша арқылы да қолжетімді. Тағы бір айта кетерлігі, несие алуға тыйым салу жөніндегі өтінішті өзгенің атынан рәсімдеуге болмайды.

Айя Мүтәлі

Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу