Ипотекасы бар азаматтар мен көпбалалы отбасыларға арналған салық жеңілдіктері енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ипотекасы бар азаматтар мен көпбалалы отбасыларға арналған салық жеңілдіктері енгізілді

Ипотекасы бар азаматтар мен көпбалалы отбасыларға арналған салық жеңілдіктері енгізілді

Ал ипотекасы бар азаматтар енді өз жалақыларынан төлейтін жеке табыс салығының мөлшерін азайта алады. Бұған дейін мұндай құқық тек «Отбасы банк» салымшыларына берілген. Мұндай салық жеңілдіктері биылдан бастап екінші деңгейлі банкте ипотекасы бар азаматтар үшін де енгізіліп отыр. 

300 мың теңге жалақы алып, оның 18 500 теңгесін жеке табыс салығына төлейсіз делік. Ал ипотекаға ай сайын 150 мың теңге. Оның 75 мыңы банк сыйақысы. Яғни, проценті. Енді жұмыс беруші жеке табыс салығын есептейтін кезде бұл соманы да жалақыдан қысқартады. Осылайша, айына 18 700 емес, 11 мың теңге көлемінде салық төлеп, ақша үнемдеуге болады. Көпбалалы отбасылар үшін де салық жеңілдіктері бар.

Яғни, отбасындағы ата-ананың біреуі жұмыс істейтін болса, ай сайын 90 мың теңге, ал екеуі де жұмыспен қамтылса, әрқайсысы 47 мың теңге көлемінде жеке табыс салығының мөлшерін азайтуға мүмкіндік алады. Нақтырақ, 1 жылда 282 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 млн 108 мың теңгеге дейін салық шегерімі қарастырылған. Алайда сарапшылар бұл заңнама өзгеруі мүмкін дейді. Себебі келесі жылдан бастап енгізілуі тиіс жаңа Салық кодексінде бұл нормалар қарастырылмаған.

Айбар Олжай, сарапшы:

2021 жылы осы жылы осы шегерімдер түрі енгізілген. Бірақ арнаулы заңмен олар 2025 жылға дейін кейінге қалдырылды. Одан кейін  бұл бағытта ешқандай өзгеріс болған жоқ. Дегенмен заң талабы бойынша олар жұмыс істейді. Енді оны өзгерту әрине мүмкін. Осы шегерімдер әрі қарай созыла ма, әрі қарай алынып тасталына ма, оның бәрі арнайы белгілі бір нормативті акт арқылы жүзеге асады.

Айя Мүтәлі

Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу