Асанәлі Әшімов Қазақстанның Еңбек Ері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асанәлі Әшімов Қазақстанның Еңбек Ері атанды

18.05.2017

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті өнер қайраткері, актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімовке Қазақстанның Еңбек Ері наградасын табыстады. Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Асанәлі Әшімовті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі. Мемлекет басшысы биылғы 12 мамырда Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрда мерейтой иесінің құрметіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу