Қазақ кинематографияшылары өңірлерді аралауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ кинематографияшылары өңірлерді аралауда

02.10.2014
Қазақ кинематографияшылары өңірлерді аралауда

Шымкентке Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов бастаған топ келді.

 Қазақстан кинематографияшылар одағының мүшелері «Оңтүстік Қазақстан» редакциясының баспасөз клубында журналистермен кездесті.  Жиынның мақсаты - елді қорғап жүрген азаматтарды, яғни шекарашыларды мәдениет саласындағы жаңалықтардан хабардар ету.

Басқосуда қазақ кино саласының даму деңгейі мен кадрдан тыс қызметтің «қызығы мен шыжығы» сөз болды. Асанәлі Әшімов мәдениет саласы қызметкерлерінің осы сапарлары қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналғанын мәлім етті.

Қазақстан кинематографияшылар одағынан құралған топ алдағы күндері еліміздің барлық өңірлеріндегі шекара қызметкерлерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.

 

Хабарламаларға жазылу