Қазақ Ұлттық өнер академиясында Асанәлі Әшімов атындағы оқу-шығармашылық зертханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ Ұлттық өнер академиясында Асанәлі Әшімов атындағы оқу-шығармашылық зертханасы ашылды

21.09.2017

Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің атындағы оқу-шығармашылық зертханасы ашылды. Енді мұнда жас өнерпаздар шеберліктерін шыңдайды. Шара барысында Асанәлі Әшімовтың 80 жылдық мерейтойына орай конфренция өтті. Онда елімізге танымал тұлғалар сөз сөйлеп, саналы ғұмырын кино және театр өнеріне арнаған Еңбек ері Асанәлі Әшімовтің өмір өткелдерінен сыр шертті. «Ол саналы ғұмырында тарихи тұлғалардың бейнесін тірілтіп, қазақтың шынайы болмысын кино өнері арқылы әлемге танытты. Сондықтан, аты аңызға айналған Асанәлі Әшімовтың атындағы оқу-шығармашылық зертханасының ашылуы жас ұрпаққа өнеге», - дейді зиялықауым өкілдері.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу