АҚШ-та «Хелен» дауылынан қаза тапқандар саны 190-ға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та «Хелен» дауылынан қаза тапқандар саны 190-ға жуықтады

03.10.2024

АҚШ президенті Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис «Хелен» дауылынан зардап шеккен аймақтарға аттанды. Соңғы мәліметке қарағанда, жауындатып соққан сұрапыл желден қаза тапқандар саны 189-ға жеткен.

Сонымен қатар, бес штатта 1 миллиондай үй мен кәсіпорын жарықсыз отыр. Бұған қоса, Оңтүстік және Солтүстік Каролина, Джорджия, Флорида, Теннесси штаттарында сан мың үй қирап, көпірлер мен жолдар, құбырлап бұзылып, жүздеген мың тұрғын ауыз сусыз қалды. Қазір апат жайлаған аудандарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.

«Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, кейінгі күндері Атлант мұхитында «Кирк», «Лесли» атты дауылдар күшейіп келеді. Дегенмен, олардан төнген қауіп жөнінде әзірге ескерту жасалмай отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу