Париж-2024: Ашылу салтанаты ерекше форматта өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж-2024: Ашылу салтанаты ерекше форматта өтті

27.07.2024

Шардағы алау, Сенадағы қайықтар шеруі, футбол және әлемдік шоу бизнестің жарық жұлдыздары. Париждегі олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ерекше форматта өтті. Талайды таңдай қақтырған шара жайлы және байрақты бәсеке басталмай жатып орнаған рекордттар туралы Парижде жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тарқатып айтады.

Қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілген көз тартар киім үлгісімен ерекшеленген спортшыларымызды Сена өзенінің жағалауына басында бөркі бар Асланбек Шымбергенов пен желаяқ Ольга Сафронова бастап келді. Бірі бокстан әлем чемпионы ал, екіншісі осымен төртінші олимпиадасына қатысқалы отырған ардагер атлет. Осы жолы Париж төрінде көк туымызды көтеріп шығу мәртебесі бұйрған қос спортшы өздеріне үлкен сенім артылғанын айтып, команданы жеңіске бастау үшін барын салатынын жеткізді.

Асланбек Шымбергенов, ерлер боксынан қазақстан құрамасының мүшесі:

Үлкен жауапкершілік қазақ елінің туын көтеріп шығу. Үлкен құрмет. Алла қаласа бойдың алдында настрой ұстаймыз.

Биыл боксшыларымыз олимпиада ойындарына толық құраммен келді. Олардың арасында соңғы болып лицензия алған Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қазақстандықтардан қолдау күтетінін айтты.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, ерлер боксынан Қазақстан құрамасының мүшесі:

Бар күш жігерімді саламын жеңіске жету үшін. Барша жанкүйерлерге қолдауларына рақмет айтамыз. Бізді қолдаңыздар, алла қаласа сенімдеріңізді ақтаймыз.

Соңғы 7 жыл бойы олимпиадаға мықтап дайындалған Франция билігі бұл жолы жаһан жұртын таңқалдырамыз деген уәдесінде тұрды. Бір мезетте 200-ден астам елден келген 10-нан астам спортшыны қайыққа мінгізді.

Нұрсұлтан Тілнектес, тілші:

Міне қайықтар ақырындап жылжи бастады. Біздің спортшыларымыз, Ұлттық құрама өз кезегін күтіп отыр. Бұл қайықтар сағатына 9 шақырым жылдамдықпен 6 сағат жүріп өтіп, тракадеро алаңына барып тоқтайды.

Қайықтар шеруіне қатысқан француз футболшысы Зениден Зидан алауды тұтандырып, есімі төрткүл дүниеге белгілі испан теннисшісі Рафаэль Надальға табыстады. Сондай-ақ төртжылдықтың басты бәсекесін тамашалауға жиналған 300 мың көрерменнің алдында танымал шоу бизнес өкілі Леди Гага ән шырқады. Мұндайды француздардың өзі күтпегенін айтады.

Лук Каси, Париж қаласының тұрғыны:

Біз үшін араға 100 жыл салып Олимпиада ойынын қабылдау үлкен мәртебе. Париж халқы бұл додаданы асыға күтті. Бірақ, ашылу салтанаты бұндай дәрежеде өтеді деп ешкім ойлаған жоқ. Таңданғаным сонша ауызыма сөз түспей тұр. Тамаша!

Көпшілік күткен олимпиада алауын дзюдо және жеңіл атлетикадан үш дүркін олимпиада чемпиондары Тедди Ринер мен Мари-Жозе Перек жақты. Таңқалдырғаны, олимиада алауы жағылған соң арнайы шар аспанда қалықтап, маххабат қаласы атанған Парижге сәулесін шашты. Айта кету керек осы жолы олимпиадада 9,3 млн билет сатылды. Бұл рекордтық көрсеткіш.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу