Басты Жаңалықтар Олимпиада алауы Эйфель мұнарасына жетті

Олимпиада алауы Эйфель мұнарасына жетті

Париж Олимпиадасының алауы Эйфель мұнарасына жетті.

Сонымен қатар ол, Елисей алаңынан, Триумфалдық аркадан және Мулен Руж бен Ролан Гросстан өтті. Жазғы ойындардың отты факелі Франция астанасына шілденің 14-де жетті. Бұл эстафета Олимпиаданың ашылуымен аяқталады. Айта кетсек, Париж Олимпиадасы шілденің 26-да басталып, тамыздың 11-де тәмамдалады. Ал Паралимпиадалық ойындар тамыздың 28-і мен қыркүйектің 8-і аралығында өтуі керек.

Арыстан Рысбек


Бөлісу