Президент: Денсаулық сақтау жүйесін сапалы түрде қайта құру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Денсаулық сақтау жүйесін сапалы түрде қайта құру керек

09.07.2024

Жыл басынан бері инфекциялық аурулардың 21 түрі бойынша соның ішінде коронавируспен сырқаттану көрсеткіші төмендеген. Президент қабылдауында болған Денсаулық сақтау министрі ведомствоның жұмысы мен саланы дамыту жоспарлары жөнінде баяндады. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, вакцинациялау және профилактикалық іс-шараларды жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Әрі медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға баса назар аударылып отыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар медициналық көмек көрсетудің мейілінше нәтижелі болуына назар аудара отырып, денсаулық сақтау жүйесін сапалы түрде қайта құру керектігіне тоқталды.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Президент пациенттерге бағдарлай отырып денсаулық сақтау жүйесін сапалы қылып құру, бөлінетін қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес денсаулық сақтау жүйесін басқару сапасын арттыру сияқты бірқатар тапсырма қойды. 
Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу