Басты Жаңалықтар ЕУРО-2024: Бүгін финалға жолдама алатын команданың бірі анықталады

ЕУРО-2024: Бүгін финалға жолдама алатын команданың бірі анықталады

Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионаты мәреге таяды. Бүгін финалға жолдама алатын екі команданың бірі анықталады. Жартылай финалдың алғашқы матчы Испания мен Франция құрамаларының арасында өтеді. Топтық кезеңде де, плей-оффта да ешбір командадан жеңілмеген Луис де ла Фуэнте шәкірттері басым түсе ме? Әлде Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында Франция футболшыларының жұлдызы жана ма? Тартысты ойын түнгі 23:50-де басталады. Матчты Ұлттық арна да, «Qazsport»-та көрсетеді.

Қаракөз Тұрмағамбет


Бөлісу