Ерлан Сайыров: Дайын кәсіпті тартып алғандар иелеріне қайтаруы тиіс
Кәсіпкерлердің дайын бизнесін тартып алғандар меншік иелеріне қайтаруы тиіс. Бүгін Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров, үкімет басшысы мен бас прокурорға осындай сауал жолдады. Депутаттың дерегінше, 2000 жылдары біреудің дайын кәсібін күшпен тартып алу оқиғалары жиі тіркелген. Енді, зардап шеккен кәсіпкерлер мен олардың туыстары бизнес пен мүлікті өздеріне қайтаруды талап етіп отыр. Тартып алған кәсіп түрлерінің қатарында мұнай базасы, жанар-жағармай станциясы, демалыс орындары, қонақ үйлер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бар.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Демократия мен нарықтың басты принципі жеке меншікті қорғау принципі! Ешкім адамдардың тапқан-таянғанына қол сұғуына хақы жоқ! Сондықтан Бас Прокуратура аталған азаматтардың экономикалық мүдделерінің сақтауына нақты қадамдар жасап, олардың мүлкін қайтару жөнінде жұмыс жасауы тиіс!
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08

Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30