Шыңжаңда қар борап, көлік қатынасы қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңжаңда қар борап, көлік қатынасы қиындады

17.02.2024

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағында да екі күн бойы боран соғып, көлік қатынасы қиындап отыр. Ал Іле-Қазақ префектурасында қар көшкінінің астында қалып қойған үш адам құтқарылды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты аймақ жолдарында бақылау күшейтіліп, қар тазалауға арнайы техника жұмылдырылып жатыр. Сонымен қатар, жергілікті билік халықты жылумен, ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жағдайда екенін хабарлады. Дегенмен кейбір аудандарда қар көшкіні салдарынан бірнеше пойыз тоқтаған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу