Германияда боран соғып, жүздеген әуе рейсі доғарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда боран соғып, жүздеген әуе рейсі доғарылды

04.12.2023

Германияның оңтүстігі мен Австрияның, Швейцарияның, Чехияның, Нидерландының бір бөлігінде қар борап, көлік қатынасы қиындап отыр. Халықаралық агентіктердің хабарлауынша, Амстердамда 150, ал Мюнхенде 750 әуе рейсі доғарылып, автобустар, пойыздар, трамвайлар тоқтады. Сонымен қатар, Цюрихтің авиациялық терминалында да талай сапар кейінге қалдырылған. Ал Чехияда жолдар бөгеліп, қоғамдық көлік бірнеше сағат бойы жүре алмай, қар көшкіні кесірінен 15 мыңдай үй жарықсыз қалып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу