Жапонияның қар борап, көлік қатынасы тежелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның қар борап, көлік қатынасы тежелді

26.01.2023

Жапонияның көп бөлігінде қар борап, көлік қатынасы тежеліп жатыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, бораннан бір адам қаза тапты. Тағы екі тұрғын суықтан көз жұмды деген ақпарат тергеліп жатыр. Ал, елдің батысындағы Киото қаласында пойыздар жүре алмағандықтан, 3 мыңдай адам теміржол станцияларынан сапарға аттана алмаған. «Эн-эйч-кей» телекомпаниясы әуежайларда жүздеген ұшақ рейсінің тоқтағанын хабарлап отыр. Ал «Рейтердің» дерегінше, Оңтүcтік Корея тарапындағы Манива қаласына соңғы 24 сағатта түскен қардың қалыңдығы 93 сантиметрге жеткен екен.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу