Қазақстан мен Францияның білім беру саласындағы ынтымақтастығы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Францияның білім беру саласындағы ынтымақтастығы артып келеді

02.11.2023

Қазақстан мен Франциядағы жоғарғы оқу орындары білім беру саласындағы ынтымақты күшейтпек. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын елімізден 300-400-дей студент Францияның жоғары оқу орындарына түседі. Фанцуздар бұл көрсеткішті арттыруға ниетті.

Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумында айтылды. Біздің елде де білім алып жатқан Франция азаматтары бар. Солардың бірнешеуі қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академиялық әріптестік шеңберінде білімін жетілдіріп жатыр. Жиынға қатысқан Қазақстандық оқу орындарының өкілдері франциялық делегаттарға оқу орындары жайлы мәлімет беріп, жастарын білім алуға, тәжірибе алмасуға шақырды.

Фабрис Невё, Францияның Қазақстандағы бас консулы:

Өздеріңізге мәлім, Францияның ең көне жоғарғы оқу орындарының бірі Шығыс тілдері мен өркениеті Ұлттық институтында қазақ тілі қайта оқытыла бастады. Біз үшін Қазақстан Орта Азиядағы сенімді серіктес. Сондықтан бір-біріміздің тілімізбен, мәдениетімізбен жақынырақ танысқанымыз дұрыс. Осы сапар барысында Франциядан келген жоғары оқу орындарының өкілдері Алматыдағы бірнеше университетті аралауды көздеп отыр.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу