Басты Жаңалықтар Қазақстан - Орталық Азия аймағында Францияның негізгі серіктесі

Қазақстан - Орталық Азия аймағында Францияның негізгі серіктесі

Қазақстан мен Францияның арасындағы байланыстың тамыры тереңде жатыр. Эмманюэль Макронға дейін Францияның 3 президенті Қазақстанға келіп, түрлі келіссөздер жүргізген. Бұл осы елдің Орталық Азиядағы ең негізгі серіктесі Қазақстан екеніне дәлел. Ал бүгін жүргізіліп жатқан келіссөздер, алыс-беріс пен барыс-келісті жандандырып қана қоймай, бірлескен кәсіпорындардың көптеп ашылуына мүмкіндік береді, дейді саясаттанушылар.

Жанар Төлендинова, саясаттанушы:

Қазақстан Францияға ураннан бөлек мұнай экспорттайды. Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты қос тарап та оның көлемін ұлғайтуға мүдделі деп ойлаймын. Ал біз Франциядан ауыл шаруашылығы техникасын, тыңайтқыштар, дәрі-дәрмек тағы көптеген өнім аламыз. Сондықтан бұл сапар барлық саладағы ынтымақтастықты арттыра түсетіні анық.

Айя Мүтәлі


Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу