Таяу Шығыста ауруханадағы жарылыстан жүздеген адам қаза тапты
Газа секторында Әл-Ахли ауруханасына зымыран түсті. Жарылыстан қаза тапқан адам саны 800-ге жетті. Ауруханада науқастармен бірге жүздеген бейбіт тұрғын болған. Хамас шабуылға Израиль авиациясын айыптады. Ал Израиль әскерилері ауруханаға «Ислам жиһады» тобы ұшырған зымыран түсті деп мәлімдеп отыр. Алайда аталған топ жарылысқа қатысы бар екенін жоққа шығарды.
Жүздеген адамның өмірін қиған шабуылдан кейін Иордания, АҚШ, Мысыр мен Палестина автономиясы арасындағы төртжақты саммит өтпейтін болды. Иордания сыртқы істер министрі соғысты тоқтатудан басқа мәселені талқылаудың мәні қалған жоқ деп мәлімдеді. Әлемнің бірқатар елінде Газа ауруханасындағы жарылысты айыптайтын шерулер өтіп жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24