Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау жобасы іске қосылды
Президент Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске асыру рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, бұл тарихи оқиға Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге көтеретінін және арадағы тату көршілік қатынастар жылнамасының тағы бір жарқын бетін ашатынын атап өтті. Жылына 255 миллиард текше метрге дейін газ тасымалдай алатын магистральді газ құбырының 20 мың шақырымнан астам бөлігі ел аумағы арқылы өтеді. Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін толық пайдалануға мүдделі және Ресей газын тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Газ саласы мемлекеттеріміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуында зор рөл атқарады деуге болады. Сондықтан бұл жоба барлық қатысушы тараптың мүддесіне сай келеді. Қазақстан өз аумағында магистральді газ құбырын дайындауды уақтылы және толық аяқтады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24