Түркия Сириядағы әскери нысандарға соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Сириядағы әскери нысандарға соққы берді

06.10.2023

Түркияның ұлттық барлау бөлімшелері Күрд жұмысшы партиясының Сириядағы әскери нысандарына соққы берді. Операция барысында қарулы топтың қару-жарақ, оқ-дәрі қоймасы, шабуыл және диверсия бөлімшелері орналасқан ғимараттары жойылған. Түркия билігі Сирия мен Ирактағы күрд ұйымдарының инфрақұрылымы мен энергетикалық нысандарына соққы беру заңды деп мәлімдеді. Қазанның бірінде Анкарада болған жарылыстан кейін Түркия аумағында терроризмге қарсы операция басталды. Оған 13 мың қауіпсіздік қызметкері жұмылған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу