Еуропалық Одақ Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасын рәсімдеу талаптарын жеңілдетеді
Еуропалық Одақ Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасын рәсімдеу талаптарын жеңілдету бойынша жұмыстарды бастауға дайын. Еліміздің ішкі істер министрі Ержан Сәденов Брюссельде Еуро-комиссияның миграция және ішкі істер мәселелері жөніндегі директорының орынбасары Йоханнес Лухнермен кездесуде осы мәселені талқылады. Министр еуропалық әріптесіне елдегі көші-қон саясатын жетілдіруге бағытталған шаралар туралы баяндады. Тараптар кибер-қауіпсіздік, лаңкестікпен күресте күш біріктіріп, құқыққорғау саласында өзара тәжірибе алмасуға уағдаласты. Сапар аясында Ержан Сәденов Бельгияның ішкі істер министрімен де кездесті.
Филипп Росси, Бельгия Ішкі Істер Министрлігі Ынтымақтастық жөніндегі департаментінің директоры:
Елдеріңізбен қарым-қатынысымызды дамытуға мүдделіміз. Министрмен кездесуде ынтымақтастықты тағы қай салаларда нығайта алатынымызды талқыладық. Қазақстан мен Бельгия арасында көші-қон бойынша ешқандай проблема жоқ. Заңды миграция. Мұның өзі жағымды жаңалық.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
25 қазан – еліміз үшін маңызды күн
17.10.2025, 13:18

Солтүстікте «Серпін» бойынша оқыған жастардың 14%-ы ғана тұрақтап қалған
17.10.2025, 13:14
Алматыда Салық кодексіндегі өзгерістер талқыланды
17.10.2025, 13:10
Дәрігер: Маңдайыма адам өмірін сақтап қалу міндеті жазылған
17.10.2025, 13:07
Өзбекстанда Қазақстанның медицина күндері өтіп жатыр
17.10.2025, 13:05
Газаны қайта құру жоспары ұсынылды
17.10.2025, 13:02
Астанада тұрақ ақысы минутына есептелетін болды
17.10.2025, 13:00
2026 жылы Қазақстанда шәкіртақы қандай болады?
17.10.2025, 10:30