Президент: Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қатаң сақтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қатаң сақтайды

20.09.2023

Дәл осы Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қатаң сақтайтынын мәлімдеді. «Біз бетпе-бет келген барлық сын-қатерлердің ішінде ядролық қаруды қолдану қаупі ең жойқыны болуы мүмкін. 30 жыл бұрын Қазақстан Кеңес өкіметінен мұраға қалған төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты. Сондықтан ядролық күн тәртібінің логикасын қайта қарау керек деді. Ядролық державалар арасында ядролық қарудан ада әлем құру жолында өзара сенім мен ынтымақ болғанда ғана жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз ете аламыз.

Осыған байланысты Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қатаң сақтайтынын мәлімдейді. Біз қарусыздану және қаруды таратпау саласы бойынша жаңа тетіктерді дамытуды қолдаймыз. 2045 жылға қарай ядролық қарудан толық бас тартудың стратегиялық жоспары қазіргі көшбасшылардың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан ең маңызды үлесі болуы мүмкін.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу