Әлихан Смайылов пен ҚХР Шаньдун провинциясы партия комитетінің хатшысы Лин У кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов пен ҚХР Шаньдун провинциясы партия комитетінің хатшысы Лин У кездесті

04.09.2023

Қазақстан мен Қытай арасында сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру. Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Қытай Халық Республикасы Шаньдун провинциясы партия комитетінің хатшысы Лин У осы мәселелерді талқылады. Қазақстан өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын қарастыруға мүдделі. Осыны ескере отырып, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде көлік әлеуетін дамыту және өзара іс-қимылды тереңдету маңызды.

«Қазақстанның арпасын Қытайға жеткізу үшін «Қытай–Еуропа» бағыты бойынша алғашқы пойыздың жолға шығуы осының дәлелі. Біз жеткізілетін тауарлар мен қызмет түрін кеңейтуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов. Лин У мырза Шаньдун провинциясы мен Қазақстанның өңірлері арасында тиімді ынтымақтастық орнағанын атап өтті.


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу