Астанада патрульдік полиция мамандары тапшы
Астанада патрульдік полиция мамандары тапшы. Бүгін елордада өткен бос орындар жәрмеңкесінде тәртіп сақшылары бос вакансияларын ұсынды.
Асылхан Жүзбаев, Астана қалалық ПД патрульдік полиция полкі рота командирінің орынбасары:
Астана қаласы полиция департаментіне қызметкерлер өте қажет. Қаланың өсуіне-көркеюіне байланысты бос орындар ашылуда. Партрульдік полиция полкіне жасы 18-35 жас аралығында, немесе арнайы орта білімдері құқықтану мамандығы, дене шынықтыру мамандығы, жол қозғалысын ұйымдастыру мамандықтары бойынша жұмысқа қабылдаймыз.
Полицей болғысы келетіндер үшін басты талап - қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған болуы тиіс. Сондай-ақ бос орындар жәрмеңкесінде 70-тен аса мекеме өз вакансияларын ұсынды. Жұмыс іздеген азаматтар үшін түрлі орындарда 600-ге жуық бос орын бар.
Олжас Омар, Астана қалалық еңбек мобильділігі орталығының директоры:
Жалпы статистика бойынша, Астанада 4,5 пайыз болса, ол 24 мыңға жуық жұмыссыз бар екені есептелінеді. Негізі осындай жәрмеңкеде жұмыс іздеушілер 1-2 сағаттың ішінде 10-20 шақты жұмыс берушімен сұхбаттасып, түйіндемесін қалдырып, өте қысқа уақытта жұмыс табуға болады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39

«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24
400 студент Венгрияда оқуға мүмкіндік алды
13.09.2025, 15:21