Көпқабатты тұрғын үйде өрт шықса, не істеу керек? Мұны көпшілік біле бермейді. Оған дәлел кешегі Ақкенттегі жағдай,- деді құтқарушылар. Баспана ішін қара түтін басып, баспалдаққа жете алмаған жағдайда тұрғындар аман қалуы үшін қандай әрекеттер жасағаны абзал? Әріптесім Айя Мүтәлі төтенше жағдай қызметкерлерімен тілдесті. Ең бастысы байбаламға салмай, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау маңызды.
Айя Мүтәлі, тілші:
Біз Астананың орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріне келіп тұрмыз. 13 қабатты баспана. Ал қасымда төтенше жағдайлар қызметінің маманы Олжас Кенжеғұл мырза тұр. Сәлеметсіз бе!? Олжас мырза, мына үйге қарап өрт қауіпсіздігі техникалары сақталған сақталмағанын айта аласыз ба?
Олжас Кенжеғұл, Есіл ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:
Сәлеметсіздер! Ең бірінші қарасаңыздар, ең бірінші көрініс өту жолдарына автокөліктерді қойып тастау. Бұл бір ғана емес, бүкіл елордамыздағы басты проблема. Көріп тұрғандарыңыздай, ашық баспалдақты терезелеп тастаған. Бұл ашық баспалдақ дегеніміз – өрт болған кезде ең бірінші құтқару жолы болып табылады. Сыртқа шығаратын жол.
Айя Мүтәлі, тілші:
Мұндай жағдайда тұрғындар қайда шағымдануы керек?
Олжас Кенжеғұл, Есіл ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:
Мұндай жағдайда бізге, ТЖ басқармасына немесе төтенше жағдайлар департаментіне шағымданып, өтініш жазуына болады. Ал пәтерден өрт шықса, алдымен байбалам салмай, сабырлық танытуы керек. 101 немесе 112 құтқару нөміріне хабарласқан жөн. Сосын кез келген шүберекті суға малып, сонымен тыныс алған дұрыс. Осылай өз бетінше сыртқа шығуға тырысқан жөн.
Айя Мүтәлі, тілші:
Енді тұрғындардың көбі лифтіге қарай ұмтылады? Бұл қаншалықты дұрыс?
Олжас Кенжеғұл, Есіл ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:
Өрт кезінде лифтпен тыйым салынған. Өйткені өрт кезінде электр желілері өшіріледі. Сондықтан қабаттардың ортасында қалып кету қаупіңіз бар.
Сыртқа шығу үшін сыртқа шығатын баспалдақты қолдану қажет. Төменге қарай түсуге тырысу керек. Көп жағдайларда шатырдың, шатырға шығу есіктері жабық тұрады. Жол ашық болатын болса, төменге шығыңыздар, жоғарыға көтерілмеңіздер.
Егер де төменге түсуге мүмкіндік болмаса, төменгі этаждар өртеніп немесе баспалдақ отқа оранып жатса, сіздерге ең ықтимал ең жақсы жер осындай түтіндемейтін ашық алаңда тұрып көмекті күту. Өз беттеріңізбен секіруге, немесе басқа да этажға өту өмірлеріңізге қауіпті. Қолдағы құралдармен құтқарған тоже қауіпті болып келеді. Арнайы құрал болмағаннан кейін. Ол салмақты көтермеуі мүмкін. Немесе жыртылып кетуі мүмкін. Сондықтан оны өз беттеріңізбен секіріп кету өмірлеріңізге қауіп төндіреді.
Айя Мүтәлі, тілші:
Өрт сөндірушілерге ауыр техниканы тұрғын үй ауласына кіргізу де қиынға соғады. Себебі жеңіл көліктер маңайында кептеліп тұрады екен. Сондықтан төтенше жағдай қызметі тұрғындарды өрт кезінде жол қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырды.
Айя Мүтәлі