Бүгін «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды. Ұлттық арнаның «Апта» сараптамалық бағдарламасы мен «1001» жобасы үздік деп танылды. Телевизия саласындағы басты бәйге жайынды тілшіміз жалғастырады.
Үздік әлеуметтік жоба, ток шоу, тележүргізуші, журналист, режиссерлік жұмыс сыналатын байқау осымен 7-ші рет өткізіліп жатыр. Экран жұлдыздарына бүгін арнайы қызыл кілем жайылып, құрмет көрсетті.
Байқауға 300-ден астам өтінім келген. Қазылар алқасы 12 аталым бойынша 48 телевизиялық туындыны іріктеп алыпты.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Қазір журналистер арасында үлкен қызығушылыққа ие болып отырғаны қуантады. Биылғы байқауға келіп түскен өтінімдер соның айғағы. Әрине, оған әрбір әріптесіміз оған лайық. Бірақ жүлделер саны аз.
Үздіктер қатарынан ұлттық арнаның 4 бірдей жобасы көрінді. Саяси-экономикалық, әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды талдап, көрерменге ұсынатын «Апта» сараптамалық бағдарламасы да Тұмар жүлдесін ие болды. Жоба жетекшісі байқауда екі бірдей номинацияға үміткер болды.
Альбина Әшім, «APTA» ақпараттық-сараптамалық бағдарлама жүргізушісі:
Үздік аналитикалық бағдарлама ретінде алғаным үлкен бір тамаша жетістік деп ойлаймын. Сондықтан ұлттық арнаның көрермені көп бола берсін. Аптаның рейтингі өсе берсін дегім келеді.
Күннің ең өзекті оқиғасын талқылап, ақпараттың анық-қанығына көз жеткізу үшін түн демей куәгерлер мен ресми өкілдерді студияға шақырып, тікелей эфирде хабар жүргізетін «1001» жобасы да үздік танылды. Бағдарламаның небәрі 1 жарым жыл болған. Жобаның осы уақытқа дейін 200-ден саны көрерменге жол тартқан.
Нұрсұлтан Біләл, «1001 түн» бағдарламасының шеф-редакторы:
Біздің эфирге шығу уақытымыз. 23:20-да шығамыз. Бір сағат бойы экран алдындағы көрерменді ұстап қалу өте қиын. Сандарды сөйлететені болсам, біздің рейтинг тұрақты. Көрермендері көп екенін көрсетеді. Сондықтан алғыс.
Биыл алғаш рет «анимациялық фильм » және «үздік спорт коментаторы» номинациялары қосылды. Бұл жүлделер «Балапан» арнасы мен «Қазспорт» арнасының жүргізушісі Есей Жеңісұлына бұйырды. Республикалық арналармен қатар шығармашылықтың шыңына шыққан аймақтық телевизияның үздік туындылары да лайықты бағасын алды.
Айя Мүтәлі