Францияда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандар саны 600-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандар саны 600-ден асты

30.06.2023

Францияда жасөспірімнің өлімінен кейін басталған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандар саны 667-ге жетті. Шеру әлі де жалғасып жатыр. Ұсталғандардың көбі - 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Париждің кейбір аудандарында түнде коменданттық сағат енгізілді. Бұған қарамастан шеруге шыққандар көліктерге өрт қойып, қаладағы дүкендердің есік-терезелерін сындырған. Тонау фактілері де тіркелді. Мектептер мен өзге да маңызды нысандарға зақым келді. Шеру елдің ірі қалаларында өтіп жатыр. Тәртіпті бақылау үшін 40 мыңнан астам полицей жұмылдырылды.

Шеру сейсенбіде Париж сыртындағы Нантер қаласында 17 жастағы азамат полицейлердің қолынан қаза тапқаннан кейін басталды. Елдің ішкі істер министрлігі марқұмға қарсы қару қолдануды заңсыз деп тапқан. Ал оқ атқан полиция қызметкеріне адам өлтірді деген айып тағылып, қамауда отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу