Қазақстан мен Әзербайжан өзара сауда көлемін 1 миллардқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Әзербайжан өзара сауда көлемін 1 миллардқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр

22.06.2023

Миллиардтық меже. Қазақ-әзербайжан өзара сауда көлемін 1 миллардқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапары барысында осы елдің Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Қазақстан жақын арада Әзербайжанға 300 млн доллардан асатын, 100 тауар түрі бойынша экспортты көбейтуге дайын. Тараптар онда ынтымақтастықтың жан-жақты тетіктерін талқылады. Қазақстан мен Әзербайжан алыс-беріс пен барыс-келісті ұлғайту үшін 10 құжатқа қол қойды. Оның негізінде көлік-логистика, цифрландыру, туризм, спорт, мәдениет және Тағы да басқа салалардағы ынтымақтастықты нығаяды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер- Министрі:

Әзербайжан – Қазақстан үшін Оңтүстік Кавказдағы ең маңызды сауда-экономикалық серіктес, бауырлас ел. Биліктің барлық деңгейінде мықты байланыс орнаған. Алдымызға үлкен мақсат қойдық. Оларды жүзеге асыру үшін қолымызда барлық мүмкіндік бар.

Келісімдердің нәтижесінде транс касий дәлізінің маңыздылығы да өткізу қуаты да еселеп артатын болды. Ол үшін Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия ортақ компания құрады. Орталағы Астанада орналасады. Осылайша Еуропа мен Қытай арасында тиімді дәліз қызметі ретке келтірілмек.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Былтыр Еуропадан Қытайға дейін немесе Қытайдан Еуропаға дейін 53 күнге дейін уақыт алған болса, қазір 18-ден 23 күнге дейін соның мерзімі қысқартылып отыр.

Екі ел арасындағы әуе қатынасы да қыза түспек. Енді аптасына 32 емес 42 рет ұшақ қатынайды.

Әли Асадов, Әзербайжан Премьер-Министрі:

Бүгін біз арадағы ынтымақтастықтың көптеген саласын қозғайтын құжаттар пакетіне қол қойдық Алға қойылған міндеттерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Себебі келісімдер барлық тарап үшін де тиімді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Орта дәлізді цифрландыру жөніндегі бірлескен шаралардың да өзекті екеніне тоқталды, бұл жүк тасымалының ашықтығы мен жылдамдығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу