Басты Жаңалықтар Петропавлда қоқыс полигоны 80%-ға толған

Петропавлда қоқыс полигоны 80%-ға толған

Петропавлға жаңа полигон алаңы дереу салынбаса қала қоқыстың астында қалуы мүмкін. Себебі шаһардағы полигон осыдан 27 жыл бұрын пайдалануға берілген. Қоқыс орны 80 пайызға толған. Қазір бұл мәселені шешу үшін қолайлы жер қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Астанада өткен брифингте мәлім етті. Әкімнің өзі қоқысқа толуға шақ қалған полигон шамамен 2 жылға ғана жетеді деп отыр.

Қазір қалдыққа арналған үш жаңа орын қарастырылған. Енді бұл жерлерді депутаттар мен халыққа көрсетіп, қолайлысын таңдап, құжат жұмыстарына кіріспек. Сондай-ақ Уәлиханов ауданы халқы үшін өзекті-емхана мәселесі шешілмек. Облыс орталығынан 550 шақырым алыс жатқан елдімекен тұрғындары ем алу үшін Көкшетауға сабылмайтын болады.

Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Биыл Премьер-министр қолдап, қаржы бөлінді. 750 млн теңге. Конкурс өтті. Қазір жұмысты бастап жатырмыз. Ендігі жылдың аяғына дейін бұл емхананы ашуға тырысамыз. Жалпы жаңа емхана 250 орындық. Жақсы қолдау болады Уәлиханов ауданының тұрғындарына.


Самал Қабышева

Бөлісу