Басты Жаңалықтар Елена Рыбакина Францияның ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Елена Рыбакина Францияның ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады. Францияның ашық чемпионатында ол Чехиялық Бренде Фрухвиртовамен кездесіп, 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Бұл тенисшінің биылғы оныншы жеңісі. Қазақстанның бірінші ракеткасы екінші айналымда Чехияның тағы бір жас жұлдызы, әлемнің 50-шы ракеткасы, 18 жастағы Линда Носковамен шеберлік байқасады.  

Оңғар Алпысбайұлы

Бөлісу