Қазақстандық футболшылар енді алаңға жаңа формамен шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық футболшылар енді алаңға жаңа формамен шығады

24.05.2023

Қазақстандық футболшылар енді алаңға жаңа формамен шығады. Бүгін Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама командаларының жаңа ойын жейдесін таныстырды. Өзгеріс жаңа футбол экипировкасын дайындау мен қамтамасыз ету жөніндегі келісім негізінде жасалды. Ол формада жаңа, қайталанбас өзіндік дизайнды жасауға мүмкіндік берді. Ойын жейдесі үш түрлі – үйдегі сары, қонақтағы көк және қосымша киім қара түсті. Дизайн жанкүйерлердің сұранысы бойынша ұлттық нақышқа басымдық берілген. Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа жейдесімен алғашқы ойынды маусым айында Сан-Марино және Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу