Жәнібек Әлімханұлы – Азия ойындарының жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы – Азия ойындарының жеңімпазы

03.10.2014
Жәнібек Әлімханұлы – Азия ойындарының жеңімпазы

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер басталды.

75 келі салмақта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы иорданиялық Адель әл Хиндавимен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Есеп 3:0 (30:26; 30:26; 30:26)

Енді шаршы алаңға Әділбек Ниязымбетов, Антон Пинчук және Иван Дычко шығады.

Бұл - Қазақстан қоржынындағы 24-ші алтын медаль.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектерді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. 

Фото: Данияр Майлыбаев

Хабарламаларға жазылу