Қайрат Ералиев бокстан Әлем чемпионатынан шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Ералиев бокстан Әлем чемпионатынан шығып қалды

08.10.2015
Қайрат Ералиев бокстан Әлем чемпионатынан шығып қалды

Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатынан екінші қазақстандық спортшы шығып қалды. 56 келі салмақта сынға түскен Қайрат Ералиев өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевке 0:3 есебімен есе жіберді.

Енді шаршы алаңға Қазақстан атынан сағат 22:00-де басталатын кешкі сессия аясында Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) мен Василий Левит (91 келі) шығады.

Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу