Ілияс Сүлейменов – Азия ойындарының чемпионы! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ілияс Сүлейменов – Азия ойындарының чемпионы!

03.10.2014
Ілияс Сүлейменов – Азия ойындарының чемпионы!

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер басталды.

Қазақстандық Ілия Сүлейменов (52 келі) өзбекстандық боксшы Шахобидин Зоировты 2:1 (29:28, 27:30, 29:28) есебімен ұтты.

Енді шаршы алаңға Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Антон Пинчук және Иван Дычко шығады.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектерді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.  

Фото: Данияр Майлыбаев

Хабарламаларға жазылу