![Хьюи Фьюри Андрей Руденкодан басым түсті (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46235.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шаршы алаңға алғашқы болып аса ауыр салмақ дәрежесінде (90,892 келіден жоғары) ұлыбританиялық Хьюи Фьюри (14-0-0, 8 КО) мен украиналық Андрей Руденко (24-1-0, 16 КО) жұдырықтасты.
Осы уақытқа дейін жеңіліс таппаған Хьюи Фьюри Андрей Руденконы 10 раундтық жекпе-жекте жеңді.
Енді шаршы алаңға ұлыбританиялық Ли Хаскинс (30-3-0, 13 КО) пен франциялық Омар Ламири (13-1-0, 5 КО) шығады.
Айта кетейік, кездесу ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей (29-1-1, 12 КО) мен орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің жекпе-жегі аясында өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Хьюи Фьюри Андрей Руденкодан басым түсті (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/95919/)