![Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-16) «Кубок Развития» турнирінде алғашқы матчын өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47707.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бакуде халықаралық «Кубок Развития» турнирі басталды. Жарысқа 2000 жылы туған қазақстандық футболшылар қатысуда.
Василий Маруняк шәкірттері алғашқы ойында алаң иелері Әзірбайжан жасөспірімдер құрамасымен кездесті. Өкінішке қарай, ойын 4:0 есебімен турнир қожайындарының пайдасына шешілді. Айта кетейік, Әзірбайжан құрамасында бір жасқа үлкен футболшылар алаңға шықты.
Қазақстан құрамасы сапында алаңға шыққан футболшылар тізімі: Медведев, Тұрсын, Қашкен, Ілиясов, Айтым, Сағынаев, Мұқашев, Ульшин, Шавернев, Прокопенко, Сидоров.
Оларды алмастырған футболшылар: Устименко, Совет, Шәмші, Куцевол, Нағашыбаев, Кеңесов, Махан, Ваганов, Усачев.
Фото: ҚФФ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-16) «Кубок Развития» турнирінде алғашқы матчын өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/97391/)