Мемлекет басшысы ҚХР қорғаныс министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы ҚХР қорғаныс министрін қабылдады

25.04.2024

Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарастары ұқсас. Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екенін айтты. Өз кезегінде Дун Цзюнь қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі жоғары деңгейде өткенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар бітімгерлік, білім және әскери-техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу