QazaqGaz жылыту маусымын сәтті аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

QazaqGaz жылыту маусымын сәтті аяқтады

16.05.2023

QazaqGaz өткен жылыту маусымын жоспардағыдай аяқтады. Газды күнделікті өмірде пайдалану және халық арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қыстың қатты болуына қарамастан тұтынушыларға көгілдір отын үздіксіз берілді.

Өткен жылы ел бойынша газ тұтыну көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткен. Қыстың қатты болуының кесірінен тұтынушылар саны артқан. Ішкі тұтыну көлемі тарихи максимумды жаңартты. QazaqGaz басшысының сөзінше, сағатына 4 млн текше метрден астам газ пайдаланылған.

Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Өткен жылыту маусымында тарихи рекорд орнатылды. Ол 4 млн текше метр газ сағатына тұтынды. Бұл Қазақстанның тарихында болмаған жағдай. Тұтынушылар көбейіп жатыр. Экономикамыз қарқынды дамып жатыр.
Ұлттық компания «Қыс азығын жаз жина» дегенді алға тартады. Бүгіннің өзінде мамандар келесі жылыту маусымына дайындықты бастап кеткен. Арнайы штаб құрылып, жұмыс қарқынды жүруде. Көгілдір отынға қосыламын деген тұрғындар көп. Сондықтан компания өкілдері қазірден бастап, рұқсат алып, мердігер компаниялармен келісім жасасқан абзал дейді.

Ержан Балабеков, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары:

Техникалық шартты биылдан бастап офлайннан бөлек онлайн түрде де алуға болады. Ол egov, яғни  электронды цифрлық кілті арқылы. Болмаса, «ҚазТрансГаз Аймақ» сайтына тапсырыс беруге болады.
Ел экономикасы дамыған сайын газға сұраныс артып жатыр. Оның үстіне жеке меншік үйлер де табиғи таза отынға көшуде. Сондықтан компания өкілдері тапшылықты болдырмау үшін тұрғындардан газды барынша үнемдеуді сұрады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу