Басты Жаңалықтар Мамыр айынан бастап ұлттық тауарлар каталогы енгізілуі мүмкін

Мамыр айынан бастап ұлттық тауарлар каталогы енгізілуі мүмкін

Мамыр айынан бастап ұлттық тауарлар каталогы енгізілуі мүмкін. Әзірге пилоттық режимде. Жобаны Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев кәсіпкерлермен талқылады. Жоспар бойынша барлық тауарға штрих код әзірленеді. Оның ішінде тауардың атауы, сипаттамасы мен қасиеттері, өндірушілер, жеткізуші және басқа да ақпараттар қамтылады. Сондай-ақ бұл тек сауда желілерінің өнімдері туралы деректердің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар үшін есептілікті жөнелту және жинақтау процестерін оңтайландыру, жаңа тауарларды енгізу және іздеу процестерін жеңілдетпек.

Оңғар Алпысбайұлы

Бөлісу