Елена Рыбакина жеке рекордын жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина жеке рекордын жаңартты

28.03.2023

Қатарынан 11 жеңіс. Елена Рыбакина жеке рекордын тағы жаңартты. Қазақстандық теннисші Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде қарсыластарын шаңына ілестірмей, ширек финалға шықты. Әлемнің жетінші ракеткасы 1/8 финалда бельгиялық Элиз Мертенсті 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 46 минутқа созылды. Рыбакинаның келесі қарсыласы - итальяндық Мартина Тревизан. Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Бұл жолы 35 млн теңге аударды.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу