Елена Рыбакина Miami Masters турнирінің финалына жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина Miami Masters турнирінің финалына жолдама алды

31.03.2023

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Miami Masters турнирінің финалына жолдама алды. Ол әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуланы 7:6 және 6:4 есебімен ұтты. Осылайша қазақстандық теннисші өзінің спорттық мансабындағы рекордын жаңартып, 13-ші рет жеңіске жетіп отыр. Енді жерлесіміз финалда чехиялық Петра Квитова немесе румыниялық Сорана Кырстямен кездеседі. Бұл екі спортшының арасындағы кездесу ертеңге жоспарланып отыр.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу