Қатарынан 11 жеңіс. Елена Рыбакина жеке рекордын тағы жаңартты. Қазақстандық теннисші Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде қарсыластарын шаңына ілестірмей, ширек финалға шықты. Әлемнің жетінші ракеткасы 1/8 финалда бельгиялық Элиз Мертенсті 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 46 минутқа созылды. Рыбакинаның келесі қарсыласы - итальяндық Мартина Тревизан. Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Бұл жолы 35 млн теңге аударды.
Асима Нұрбайқызы