Шымкентте қыз-келіншектердің І форумы өтті
Бүгін Шымкентте қыз-келіншектердің бірінші форумы өтті. Еркін әңгімелесу форматында ұйымдастырылған басқосуда түрлі салада көшбасшы бола білген танымал жандар өмірлік мақсатқа жету жолындағы жетістіктері жайлы әңгімеледі.
Тележурналистикада тәжірибе арттырған Ардақ енді тілшілікпен қатар кәсіпкерлікті де меңгеруге талапты. Жас келіншек отбасының берекелі тірлігін сақтай отырып, бизнесті жүргізу, қаржыны басқару ісін үйренуді мақсат тұтқан. Бүгінгі форумға сол үшін арнайы келді.
Ардақ Жақсылықова, журналист:
Әр әйелдің жолы да, тағдыры да бір емес. Десек те бір-біріне беретін ережесі, ерекшелігі болады. Соны іздей келдік. Өйткені менмендіктен арылып, өзгелердің керек тұсын ала білуіміз керек.
Ардақ секілді 100-ге тарта қыз-келіншек форумда ел басқару, киноиндустрия, өнер, медиа, сән әлемі және кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен әйелдермен сұхбаттасты. Спикерлер карьералық өсу, табысқа жету, іскер әйелдердің өзін өзі дамытуы, денсаулықты күту мен жеке өмірге қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Меруерт Өтекешова, актриса:
Жастар болсын, орта буын болсын жиналып, бір-бірімізбен ақылдасып, ойларымызды айтып дегендей. Менің ойымша ол ой береді, бағыт береді алда.
Форумға арнайы қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов отбасы мен қоғам дамуындағы әйелдердің роліне ерекше тоқталды.
Мұрат Әйтенов, қала әкімі:
Берекенің бастауы да, шаңырақтың шаттығы да, әсемдіктің қайнар көзі де бұл сіздердсіздер.
Форум спикерлері мен қатысушылары арасындағы байланыс жыл соңына дейін жалғаспақ. Оның аясында отбасы құндылықтары мен психология, әйелдердің тұлғалық өсуі бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.
Ғани Қалмаханов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
