Саптағы сұлулар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саптағы сұлулар

07.03.2023

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ерекше кейіпкерлерімізбен таныстыру үрдісін сабақтаймыз. Бұл жолы Ішкі істер министрлігінде қызмет етіп жүрген арулар жайлы баяндағымыз келеді. Олар сапқа тұрып, тәртіптің сақшысы ғана болып қоймай, түрлі спорт түрлерінен үлкен жетістіктерге де жетіп жүр.

Әмзе Аян джу-джитсудан спорт шебері. Әлем және Азия чемпионаттарынан бірнеше рет жүлде алған. Оның екі киім формасы бар. Бірі кимано болса, екіншісі әскери киім. Әмзе тергеуші болып жұмыс істейді.

Әмзе Аян, тергеуші:

Екеуін алып жүру оңай емес, шыны керек. Мен бұл мамандықты өзім таңдап келдім. Себебі, мінез-құлқымнан, бала кезден спортпен шұғылданып келгендіктен өзіме жақын болды.

Ақтоты Боранова 17 жылдан бері полицияда қызмет етіп келеді. Өзі мерген. Әскери қарумен ату бойынша әріптестері арасында чемпион.

Ақтоты Боранова, Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Егер өзіңнің ынтаң болса, жігерің болса бәріне үлгеруге болады. Өзіміздің арман-мақсатымызға жете бергенге не жетсін. Осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Қиын да, күрделі қызметін еркін еңсеріп, шығармашылық немесе спортпен де айналысып, аяулы жар әрі үлгілі ана болып жүрген нәзік жандылар көп. Өмірі өнегемен өрілген қыз-келіншектер мерекеде ғана емес, әр күн сайын сый-құрметке лайық.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу