Астанада 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды

03.03.2023

Астанада 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды. Себебі, құрылыс компаниялары ереже бұзып, талаптарды уақытылы орындамаған. Сол үшін әкімшілік жауапкершілікке де тартылды. Олардың ішінде тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 нысан бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар беріледі. Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ компаниялардың тізімі көрсетілген. Баспана аулды жоспарлаған азаматтар міндетті түрде сол тізімді шолып өтсе игі. Ал, 76 нысанда құрлыс жұмыстары түбегейлі тоқтаған жоқ. Алдағы уақытта қайта жалғасыуы мүмкін.

Оксана Ибраева, «Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары:

Біреуінде сараптамасы жоқ. Басқасы авторлық-техникалық тексеріс бойынша келісім-шарт жасаспаған. Тағысын тағы орындалмаған талаптар бар. Олар солардың бәрін реттеп, құжаттарды рәсімдегесін бізге хабарлама жібереді содан кейін ол құрылыс обьектісі талапқа сай деп табылып, жұмыс жалғасады.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу