Түркістан облысында хоббиін кәсіпке айналдырған еңбекқор жігіт балықтың ең бағалы түрін өсіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында хоббиін кәсіпке айналдырған еңбекқор жігіт балықтың ең бағалы түрін өсіріп жатыр

18.02.2023

Түркістан облысында хоббиін кәсіпке айналдырған еңбекқор жігіт балықтың ең нәзік әрі қымбат бағалы түрін өсіріп жатыр. Алмас Амандосов есімді еңбек адамы ірі компаниялар мен әкімдіктегі жайлы қызметін тастап, осы кәсіппен айналысуды жөн көрген.

Алмастың бұл жұмысты бас¬тауына балық аулауға деген құ¬марлығы себепші болыпты. Лауазымды қызметтерден бас тартқан соң бір жыл бойына кәсіпке ыңғайлы жер іздеген. Ақыры Түлкібастағы бұлақ бастауын ыңғайлы деп тауыпты. Бастапқыда арнайы жасалған тоғандарға хан балығының 4 мың шабағын жіберген екен. Қазір 30 мыңдай балық бар.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Мына балықтарды салмағы небәрі 5 грамм кезінде әуізге жіберілген. Қазір әрқайсысы 1-1,5 килограмм салмақ қосқан. Оларды осы қалыпқа жеткізу үшін бір жылдан астам уақыт кетті.

Ханбалық таза суда өседі. Ал қиыны өте нәзік. Оқыс дыбыстан секем алып, қатты шошынады. Ыстыққа да, суыққа да шыдамсыз. Есесіне етінің бағасы қымбат. Келісі 3 жарым мың теңгеден.

Алмас Амандосов, кәсіпкер:

Тез өсетін балықтардың бірі, салмақты тез жинайды және сатылымда бағасы жоғары. Қазір бастағанның өзінде 2 үлкен супермаркеттер балық өнімдерін сататын соларға өткіземін және де жеке тапсырыстар.

Мұратбек бір жылдан бері балықтарға күтім жасайды. Олар жас ерекшелегі мен салмағына қарай бөлек тоғандарға жіберілген.

Мұратбек Әбдірайымов, жұмысшы:

Алатын жердегілер біз беріп жатқан жемді сұрайды. Солардың сұранысына сай береміз. Өскен сайын 5 мезгілдің уақыты азаяды. 2-3 мезгілге түседі балықтың салмақ қосқанына байланысты. Солай азайтып отырамыз.Алатын жердегілер біз беріп жатқан жемді сұрайды. Солардың сұранысына сай береміз. Өскен сайын 5 мезгілдің уақыты азаяды. 2-3 мезгілге түседі балықтың салмақ қосқанына байланысты. Солай азайтып отырамыз.

Алмастың кәсібі бірден дөңгеленіп кете қойған жоқ. Алғашқыда су айдынында оттегі жетіспегендіктен балықтарының 70 пайызын өлтіріп алды. Бірақ еңбекқор жігіт бұл қиындықты да жеңіп шықты.

Алмас Амандосов, кәсіпкер:

Түбінде ұнаған жұмыспен айналысқан жақсы деп шештім. Және кәсіппен айналысқан дұрыс деп ойладым. Университетте алған жоғары білімім балық саласында да көмектесіп жатыр. Себебі, экономика, финансты білу керек. Ақша қаражатты есептей білу керек.

Алмас қазірдің өзінде шаруашылықты кеңейту жайын жоспарлап жүр. Өйткені балықты көбейтуге бір ғана бұлақ суы жеткіліксіз. Сондықтан еліміздің өзге де аймақтарынан қолайлы жер іздестіріп жатыр. Өйткені елімізде ханбалықтың етіне сұраныс көп, тіпті Ресейге экспортқа да жіберуге болады.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу